🔹2025 жылдың 2 сәуірінде Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мәжіліс залында «Кибергигиена негіздері» тақырыбында семинар өтті. Бұл шараның мақсаты – медициналық қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттырып, олардың киберқауіпсіздік бойынша практикалық білімдерін дамыту, сондай-ақ, қазіргі уақытта өте маңызды болып табылатын ақпараттық технологиялардың дамуы мен оның медициналық салаға әсерін түсіндіру.
🔹Семинарды ақпараттау және АИТВ инфекциясын компьютерлік қадағалау бөлімінің меңгерушісі Ф.Кемелбекова жүргізді. Ол шара барысында қазіргі замандағы киберқауіптер мен олардан қорғану тәсілдері туралы сөз қозғап, медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға интернеттің зиянды әсерлерінен сақтану, жеке деректерді қорғау және медициналық ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы практикалық кеңестер берілді.