Іс-шара жоспары бойынша облыстық ЖИТС орталығының мамандары М.Бегманова және Г. Салпыкова Тараз қаласының білім бөлімінің М.Әуезов атындағы №33 орта мектеп оқушыларымен “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз” атты тақырыпта дәріс өткізді.
Дәріс өткізудің мақсаты – жоғары клас оқушыларының АИТВ мәселесі бойынша ақпараттану және білім деңгейін арттыру. Іс-шара барысында АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» толық ақпарат берді.
Жалпы іс-шараға 105 оқушы қатысты.