Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының  АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева, психологы М.Бегманова, эпидемиолог көмекшісі Н.Абугалиева М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері үшін АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған семинар өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясының таралуын болдырмау, оларды дұрыс әрі нақты ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ зиянды әдеттер мен әлеуметтік қауіптерден сақтануға шақыру болды.Семинар барысында облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ инфекциясының қаупі мен оған қарсы профилактикалық шаралар туралы айтты. Сонымен қатар, студенттерге АИТВ инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу тәсілдері жөнінде жан-жақты түсінік берілді. Бұл білім олардың жеке денсаулығы мен қоғамдағы қауіпсіздігі үшін маңызды болып табылады.Семинардың тағы бір маңызды бөлігі — студенттердің өз еріктерімен жедел тест алу мүмкіндігі болды. Бұл студенттердің АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған белсенді шараларды қолдайтындығын көрсетті.Іс-шараның соңында қатысушылар түрлі сұрақтар қойып, алған білімдері бойынша пікір алмасты.  Семинардың ұйымдастырылуы университетте жастар арасында АИТВ туралы ақпараттандыру мен алдын алу шараларының маңыздылығын арттыра түсетінін көрсетеді. Сонымен қатар, жастарды дұрыс өмір салтын ұстануға, өз денсаулығын қорғауға ынталандырады.