Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

МӘМС

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ

4-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қағидаттары

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру:

      1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын сақтау және орындау;

      2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудің міндеттілігі;

      3) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі;

      4) көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасы;

      5) қордың активтерін тек қана міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге пайдалану;

      6) қор қызметіндегі жариялылық қағидаттарына негізделеді.

5-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық

  1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке:

      1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке өтініш жасалған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде аударымдарда және (немесе) жарналарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) кемінде екі ай өздеріне аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған;

      2) оқу аяқталған жылдан кейінгі жылдың күнтізбелік он екі айы өткенге дейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алған;

      3) осы Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған азаматтардың құқығы бар.

  1. Төлеушілердің қатысу өтілінде үзіліс болған жағдайда оларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету сақтандыру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
  2. Қорға аударымдары және (немесе) жарналары түспеген не қорға жарналар төлемеген азаматтарға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.

   6-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығы

  1. Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын таңдауға құқығы бар.

      Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

  1. Азаматтардың жоспарлы медициналық көмек алу жағдайларында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар.
  2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымды таңдау құқығы азаматтарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алған кезден бастап туындайды.

7-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек

  1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде:

      1) мыналарды:

      алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;

      алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда);

      2) уәкілетті орган айқындайтын, ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша – стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда);

      3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда);

      4) жоғары технологиялы медициналық қызметтер ұсынылады.

  1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету:

      белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және арнайы емдік өнімдердің уәкілетті орган бекітетін тізбесіне сәйкес – амбулаториялық-емханалық көмек;

      медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес – стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

  1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін біріккен комиссияның ұсынымдарын ескере отырып уәкілетті орган әзірлейді.

 

Каз