14 наурыз күні Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қайрат Рысқұлбеков саябағында Көрісу күніне орай мәдени көпшілік іс-шара өтті. Бұл шара көктемнің алғашқы күні, табиғаттың жаңаруымен байланысты татулық, келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталды. Іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары белсене қатысып, мерекелік көңіл-күйде болды.
Іс-шара барысында түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылып, халыққа ұлттық әндер мен билер ұсынылды. Тұрғындар арасында жақсы тілектер айтылып, кешірім сұрау мен бір-біріне қолдау көрсету дәстүрі жалғасты. Көрісу күні мерекесі бұл тек көктемнің басталуын емес, сондай-ақ қоғамда татулық пен бейбітшілікті сақтау қажеттігін айшықтады.
Аталмыш іс-шарада АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мамандары АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық бүктемелер таратты. Олар АИТВ жұқпасының таралу жолдары, оның алдын алу тәсілдері, ерікті тестілеудің маңызы туралы тұрғындарға түсінік беріп, сұрақтарына жауап берді.