Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«MART» сауда орталығында акция өтті

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында «MART» сауда орталығында Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу  орталығы және «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп   “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз” тақырыбында кең ауқымды акция өткізді.

Акция барысында облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Досымова Индира Мумархановна және психолог Бегманова Мереке Сәбитовна мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіп, халыққа осы акцияның мақсатын түсіндірді. АИТВ-инфекциясын және алдын алу шаралары туралы айтып, қауіпті жағдайларсыз салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Сонымен қатар, мамандар қолжетімді түрде осындай акциялардың халықтың хабардарлығын арттыру үшін  тілек білдірушілерге вирустың таралу жолдары мен қорғаныс шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өзінің АИТВ статусын білуге ниет білдіргендер жедел тестілеуден өтті.  Тұрғындарға жедел тесттілеуді экспресс әдісімен тапсыру мүмкіндігі болды.  Барлық тестіленушілермен медициналық қызметкер тестке дейін кеңес беріп, сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері ұйымдастарған   флешмоб тамашаланды.