Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Бағлан Қыдырбаев пен орталық қызметкерлері медицина ардагерлеріне құрмет көрсетіп, мерекелік құттықтаулар ұйымдастырды. Іс-шара сыйлықтармен және мерекелік бағдарламамен толықтырылды.
Бұл кездесудің басты мақсаты – күнделікті жұмыстың күйбеңінен алшақтап, бір сәт көңіл көтеру және ардагерлерге құрмет көрсету болды. Барлық қатысушылар үшін бұл шара ерекше әрі жағымды әсер қалдырды.