Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Медицина қызметкеріне АИТВ/ЖИТС профилактикасы бойынша жаңа әдістемелермен таныстыру туралы семинар өтті

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында өткен семинардың маңыздылығы айрықша болды. Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Жетібаева Ардақ, профилактикалық бөлім меңгерушісі Калметова Гүлжан, АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Ахметова Гүлшат және зертхананың ИФА маманы Жапанова Б. жүргізді.
Семинардың мақсаты:
Медицина қызметкерлерін Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының таралуы, жаңа нормативтік-құқықтық база, диагностикалау әдістері мен профилактика бойынша ақпараттандыру.
Негізгі міндеттері:
• АИТВ/ЖИТС профилактикасы бойынша жаңа әдістемелермен таныстыру.
• Биоматериалды алу, сақтау, тасымалдау және жеткізу қағидаларын үйрету.
• Жедел тестілеу жүргізу әдістерін көрсету.
Бұл шара медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырып, АИТВ/ЖИТС-тің таралуын азайтуға бағытталған. Семинар барысында қатысушыларға сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, нақты мәселелер бойынша түсінік берілді.