Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Медицина қызметкерлерін марапаттады

Бүгін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.
Жиынға орталықтың бас дәрігері Ерлан Исмағұлов және Бахыт Қозбақов «Ақ Ниет» кәсіпкерлер одағының төрағасы сонымен қатар орталықтың қызметкерлері қатысты.
Жиында ЖИТС орталығының бас дәрігерінің ұйымдастыру әдістемелік және эпидемиологиялық мәселелері жөніндегі орынбасары Орынкүл Әбдикеримова дәрігерлерді мерекемен құттықтап, сәттілік тілеп, өз кезегінде барша дәрігерлерге ризашылығын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Салтанатты жиында денсаулық сақтау саласында қызмет істеп жүрген дәрігерлер «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы», және алғыс хаттарымен марапатталды.