Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектепте ақпараттық дәріс өтті

Қызыл жұлдыз ауылында орналасқан Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектепте Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында психолог Г. Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және қоғамда стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ салауатты өмір салтының маңыздылығына ерекше тоқталды.
Шара соңында орталықтың мейірбикесі А. Кокибаева оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратып, АИТВ-ның алдын алу бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті.