Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Нарғозы Данаев атындағы орта мектепте ақпараттық кездесу өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Нарғозы Данаев атындағы мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс оқыды.

Психолог Г. Салпыкова жасөспірімдерге аурудың жұғу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы түсіндірді. Сондай-ақ, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселесіне тоқталды.

Мектеп мейірбикесі Н. Абуғалиева қатысушыларға алдын алу шаралары туралы ақпараттық бүктемелер таратты.