Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Наурызнама: 19 наурыз – Жаңару күні

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығында Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «Жаңару күні» атап өтілді. Бұл күні ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Қоғамға жаңарудың, табиғатты қорғаудың маңыздылығын көрсету мақсатында өткізілген шараға орталық қызметкерлері белсенді қатысты.
🔹Іс-шараны орталықтың бас дәрігері Б.Қыдырбаев өзі бастап ашып берді. Бағлан Жарылқасынұлы Наурыз мерекесінің тек жақсылық пен жаңару әкелуін тілеп, ағаш отырғызудың табиғатқа деген қамқорлықты білдіретіндігін атап өтті. Ағаш – өмірдің белгісі, ол жеріміздің сұлулығын сақтап қалуға көмектеседі деген мағынада құнды сөздер айтты.
🔹Бұл күннің маңызды бөлігі ретінде, “Банк Центр Кредит” АҚ Тараз қаласы бойынша бөлімінің директоры Ахтанова Айжан Болатқызы да шақырылды. Ол орталыққа бір шырша ағашын әкеліп отырғызып, мекемеге өз үлесін қосты. Оның бұл қадамы азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетіп, табиғатты қорғау мен жасыл желекті көбейтуге бағытталған жұмыстарға үлес қосуға шақырды.
🔹Іс-шараға орталықтың барлық қызметкерлері қатысып, бірге ағаш отырғызып, осы арқылы табиғатты қорғауға және оны жақсартуға өз үлестерін қосты.
✅Бұл күннің мақсаты тек ағаш отырғызу ғана емес, сонымен қатар Наурыз мерекесінің мәнін, жаңару мен табиғатты сақтау маңыздылығын кеңінен насихаттау болды.