Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында семинар өткізілді. Бұл семинардың ашылу рәсімін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Калметова жүргізіп, қатысушыларға семинардың маңыздылығын атап өтті. 🔹Семинарға ЖИТС орталығының қызметкерлері мен осы салада жұмыс істейтін мамандар қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы заңдар мен ережелерді толыққанды түсіндіру, сондай-ақ жұмыс барысында туындайтын сұрақтарға нақты жауаптар беру болды. 🔹Іс-шараға қатысушылардың маңызды ақпарат алуы үшін кәсіпорын заңгері М.Кадирбеков арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол қызметкерлерге жұмыс барысында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерді, анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары бойынша түсінік берді. ✅Семинар барысында қатысушылардың сұрақтары мен пікірлері тыңдалып, заңгерге нақты сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында семинар өтті
