
24 ақпан күні Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы қызметкерлеріне арналған семинар-жаттығу сабағы өтті.
Іс-шараны Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы тырысқақ диагностикасы және алдын алу зертханасының дәрігері Дамира Төрегелдіқызы Шоншабаева жүргізді.
Семинар барысында оба және тырысқақ ауруларының алдын алу шаралары, жұғу жолдары, оба ауруы туралы жалпы түсінік, обаның патогенезін, 1-ші типтік обаға қарсы костюмді киіп, шешуді түсіндіріп өтті.