Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Облыстық семинар

2025 жылғы 18 сәуірде Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мәжіліс залында маңызды семинар өтті.
Семинар тақырыбы – «Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметкерлерінің жүргізу қағидаттары».
Аталған іс-шараға қалалық және аудандық алғашқы медициналық-санитариялық көмек, алдын алу бөлімдерінің, сондай-ақ жастар денсаулық орталықтарының дәрігерлері мен мамандары қатысты.
Семинардың мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша психологтар мен медицина қызметкерлерінің медициналық-әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсетуге байланысты кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Семинарды Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г. Қалметова ашып, қатысушыларға семинардың маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде АИТВ-инфекциясының таралуын азайту, аурудың алдын алу шаралары және медициналық мекемелердегі бақылау жұмыстарын жетілдіру мәселелеріне тоқталды.
Семинар барысында АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы Индира Досымова АИТВ-инфекциясы және оның берілу жолдары туралы баяндама жасады. Индира Мумарханқызы алғашқы медициналық-санитариялық көмек және алдын алу бөлімінің мамандары жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға эпидемиолог дәрігер С. Дулатбаева, психолог маман М. Бегманова және медбике В. Мартынова өз тақырыптары бойынша АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын түсіндіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында зертхана медбикесі Б. Жапанова медицина қызметкерлеріне қандағы P24 вирус антигені мен I және II типтегі АИТВ-ға қарсы антиденелерді анықтайтын IV буын жедел тестілеу алгоритмін көрсетті. Қатысушылар практикалық жаттығулар орындап, тестілеу әдістерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап алып, нақты мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салды.