Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Өңірдің медициналық мекемелерінің басшылары түзету мекемелеріндегі ахуалмен жақынырақ танысты

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік мекемелердің басшыларын түзету мекемесінің жағдайымен таныстыру іс-шарасын өткізді. Осы іс-шара аясында денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық мекемелердің басшылары, оның ішінде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан және осы орталықтың бас есепшісі Сания Маратқызы түзету мекемесінің жағдайымен танысты.

Бұл таныстыру жұмыстары мемлекеттік қызметкерлердің түзету мекемелеріндегі ахуалмен жақынырақ танысуына және болашақта жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған.