Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Оқыту семинары «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» 12.02.2026 ж.

12.02.2026 жылы «Байзақ аудандық орталық ауруханасында» ШЖҚ КМК «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).

92 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері С.Д.Токбураева өткізді. Сертификат нөмірлері 226-ден 317-ге дейін.