22.04.2025 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасында «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).
47 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Токбураева С.Д. өткізді. Сертификат нөмірлері 404-ден 450-ге дейін.