14.05.2025 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасында «АИТВ және ілеспе аурулармен өмір сүретін адамдарды емдеу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).
30 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Сметова К.Е. өткізді. Сертификат нөмірлері 474-ден 503-ге дейін.