27.03.2025 жылы Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ қатысты стигма және кемсітушілік» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Жол картасы шеңберінде Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған семинар өтті (ҚР ДСМ 16.03.2023 ж. т. № 155 бұйрығы).
Семинарды Жамбыл ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Г.Т. Ахметова семинар АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің негізгі аспектілерін қарастырды. АИТВ байланысты стигма және денсаулық сақтау мекемелеріндегі кемсітушілік АИТВ қарсы кешенді, сапалы көмек көрсетудің негізгі кедергісі ретінде.
Медициналық мекемелердегі нақты жағдайлардың мысалында АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигманың салдары. Медицина қызметкерінің кәсіби ортада стигма мен кемсітушілікті төмендету жолдары анықталды. Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды.
Семинар-тренингке 57 Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасыңын медицина қызметкерлері қатысты. Сертификат нөмірлері 327-дан 383-ке дейін.