Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда және Жамбыл облысында 2020-2021 жылдардағы 12 айдағы АИТВ – инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай.

 

Қазақстан Республикасында 2021 жылдың 12 айында АИТВ-инфекциясының 3601 жағдайы тіркелді ,оның ішінде шетел азаматтары-123 жағдай, ҚР азаматтары-3478 жағдай (100 мың тұрғынға шаққанда -18,4).2020 жылдың 12 айында — 3470 жағдай, оның ішінде шетелдіктер арасында-131 жағдай, ҚР азаматтары арасында-3339 жағдай (100 мың тұрғынға шаққанда-17,7). Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда анықталу көрсеткіші 139 жағдайға (4,2) азайған.

 

2021 жылдың 12 айында Жамбыл облысының аумағында АИТВ-инфекциясының 75 жағдайы тіркелді (100 мың тұрғынға шаққанда-6,6. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде — 100 мың тұрғынға шаққанда 77 көрсеткіш-6,8), 2 жағдайға төмендеді. 31.12.2021 жылға АИТВ жұқтырғандар саны 1395 жағдайды құрады. Жамбыл облысында қайтыс болғандарды шегергенде 100 мың тұрғынға шаққанда АИТВ – инфекциясының таралу көрсеткіші -79,3 , Қазақстан Республикасы бойынша — 152,4 .

 

Гендерлік құрам бойынша ерлер арасында АИТВ-инфекциясының анықталған жағдайлары-57,3% – ды, әйелдер арасында-42,7% – ды құрайды.

 

Тіркелген жағдайларды 2021 жылдың 12 айының жас топтары бойынша бөлу , 11-14 жас тобында-1,3% ,15-19 жас-4% ,20-29 жас-29,3% ( 2020 ж. – 15,6%), 30-39 жас-26,7% (2020 ж. – 39,0%), 40-49 жас – 9,3% (2020 ж. – 23,8%) құрайды50-59 жас-18,7% (2020 ж – 14,3% ) және 60 жас және одан жоғары – 10,7% (2020 ж-5,2% ).

 

2021 жылдың 12 айында жыныстық жолмен жұқтырғандардың үлес салмағы – 74,7% (2020 ж. – 70,1%), инъекциялық есірткіні қолдану кезінде – 6,7% (2020 ж.-13,0%), белгіленбеген — 9,1% (2020 ж.-8,0%) құрайды.

 

2021 жылдың 12 айында анықталған жағдайлардың 40% жұмыс істемейтіндер (2020 ж. – 45,5%), жұмыс істейтіндер – 38,7% (2020 ж. – 39,0%) құрайды.