
Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы мәжіліс залында «Отбасы сағаты» тақырыбында ұжымдық кездесу өтті.
Іс-шараны орталықтың ұйымдастыру және әдістемелік бөлімінің меңгерушісінің м.а. А.Байкеева жүргізді. Жиын барысында қызметкерлерге отбасы құндылықтарының маңызы, отбасындағы сыйластық пен өзара қолдаудың рөлі, ұлттық тәрбиенің негіздері туралы мазмұнды ақпарат берілді.