2023 жылдың 6 ақпанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Г.А. Калметова нарколог-дәрігерлер мен психикалық денсаулық орталығының орта медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының зертханасына ИФТ, ИХЛТ, АИТВ зерттеу үшін биоматериалды алу, сақтау, тасымалдау және жеткізу ережелері қамтылды. ОПС (операциялық процедуралар стандарты) сақталуына ерекше назар аударылады. Тыңдаушылар облыс тұрғындарын қамту бойынша нормативтік – құқықтық актілермен танысты, АИТВ/ЖИТС бойынша статистикалық деректер келтірілді. АИТВ кәсіби инфекцияларының алдын алу ережелері түсіндірілді. 33 адам қамтылды.