Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Қан орталығының медициналық қызметкерлері үшін семинар өтті

🔰Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Жамбыл облысындағы медициналық ұйымдарға АИТВ/ЖИТС профилактикасы бойынша өткізілген іс-шараларды бақылау және бағалау, сондай-ақ консультативті-әдістемелік көмек көрсету мақсатында жоспарлы мониторингтік сапар жасады. Бұл сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі медициналық ұйымдардың АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жүргізген жұмыстарын тексеру, тиімділігін бағалау және қажет болған жағдайда көмек көрсету.
🔹Сапар аясында ЖО ЖИТС орталығынң эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісінің м.а. Индира Досымова, эпидемиолог дәрігер В.Когай Қан орталығының медициналық қызметкерлері үшін семинар өткізді. Семинарда 2024 жылғы Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ эпидемиологиялық жағдайы 2023 жылмен салыстырылып талқыланды. Бұл ақпарат қатысушыларға АИТВ инфекциясының таралу динамикасын түсінуге көмектесті.
🔹Сондай-ақ, семинарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері де талқыланды. Мұндай мәселелер қоғамда дұрыс түсінік қалыптастыру және АИТВ жұқтырған адамдарға деген қарым-қатынасты жақсарту үшін өте маңызды. Семинарға барлығы 42 медициналық қызметкер қатысып, өз білімдерін жетілдіріп, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша маңызды ақпарат алды.
✅Бұл іс-шара Жамбыл облысындағы медициналық қызметкерлердіңАИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу және оған қатысты дұрыс көзқарас қалыптастырудағы біліктілігін арттыруға ықпал етті.