22 мамыр күні Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының психолог мамандары Г.Шамурзаева мен М. Бегманова “QazaqGazAimaq” АҚ Жамбыл өндірістік филиалының қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты — жұмысшылар арасында АИТВ инфекциясы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету болды.
Іс-шараға жалпы саны 200-ден астам қызметкер қатысты. Оның ішінде 80 адам офлайн форматта және 6 ауданнан 120 қызметкер Zoom платформасы арқылы онлайн режимде қосылды. Семинар барысында АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, қазіргі кездегі емдеу әдістері және тұрақты медициналық бақылаудың маңыздылығы жөнінде кең көлемді ақпарат берілді.
Қатысушылар белсенділік танытып, мамандарға тақырыпқа қатысты түрлі сұрақтар қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды. Сонымен қатар, семинар соңында қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу және ақпараттандыру мақсатында дайындалған ақпараттық бүктемелер таратылды.