Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Шайқорық отбасылық денсаулық орталығында семинар өтті

Шайқорық отбасылық денсаулық орталығында «Эпидемиологиялық жағдай және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шарада Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу  орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Д.Абдраманова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинардың мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекцияның таралу деңгейімен, АИТВ инфекциясына қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілермен, халықты скринингтік тексерумен және аурудың алдын алу шараларымен таныстыру.

Семинар барысында Дүйсенкуль Ескермесовна баяндама жасап, АИТВ инфекциясының қазіргі ахуалына, оның таралу себептері мен сақтану жолдарына тоқталды.

Іс-шара қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша көптеген өзекті сұрақтар қойылды. Семинар соңында қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.