🔰Шу ауданы, Төле ауылында білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен медбикелерінің қатысуымен АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары туралы семинар-тренинг өтті. Іс-шараға қатысушылардың саны көп болды, бұл тақырыптың өзектілігін және қоғамдағы маңызды мәселе екендігін көрсетеді.
🔹Семинардың мақсаты – АИТВ инфекциясының таралуына қарсы алдын алу жұмыстарды күшейту, білім беру саласы қызметкерлері мен медициналық мамандар арасында осы ауру туралы ақпаратты тарату және жұқпаның алдын алу шараларын түсіндіру.
🔹Семинарды Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының психолог маманы М.Бегманова жүргізді. Ол АИТВ инфекциясының қазіргі кездегі таралу деңгейі, оның Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы жағдайы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, аурудың алдын алу жолдары, алдын алу шаралар мен халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізудің маңызы кеңінен талқыланды.
✅Іс-шара барысында қатысушыларға бейнежазба көрсетіліп, АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу бойынша пайдалы ақпараттық бүктемелер таратылды. Өз еріктерімен ниет білдірушілерден жедел тест алынды, нәтижелері қатысушыларға АИТВ инфекциясы бойынша өздерінің ағымдағы жағдайларын білуге мүмкіндік берді.