Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Шу қалалық емханасының Жастар денсаулық орталығы бірлесіп, тұрғындарға арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ашық есік күнін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс әрі ғылыми негізделген ақпарат беру, жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, жауапты мінез-құлықты насихаттау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру.
Келушілер үшін тегін кеңес беру, жылдам тестілеу, дәрігер-мамандармен әңгімелесу мүмкіндігі ұсынылды.
Жастар арасында қауіпсіздік шаралары, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету тақырыптарында ақпараттық жадынамалар таратылды.
Қатысушылар мамандардан өздерінің сұрақтарына жауап алып, аурудың алдын алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет алды.