Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Сипаттама

ЖИТС-тің қызметі туралы

Жамбыл облыстық жұқтырылғын иммун тапшылығы және онымен күрес жүргізу орталығы 1989 жылы қазан айында құрылған.

«Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы» ҚР – ның Кодексіне сәйкес орталықтың жұмысы жасалған.

Облыстық ЖИТС орталығының қызметінің негізгі міндеттері:

  1. Аймақтағы ЖИТС-пен ауыратындарды және АИТВ жұқтырғандарды емдеу, ЖИТС-ке және АИТВ-ға диагностикалау және алдын алу, әдістемелік – ұйымдастыру басшылығы және АИТВ-ға тұрғындардың тексерілу сұрақтары бойынша жұмыс жүргізу.
  2. АИТВ-ның шапшаңдап таралуын төмендету және бағытталған ескертулерге, кешенді шаралар өткізу, тұрғындар арасында эпидемиологиялық ахуалдың бағасы және талдау жүргізу, АИТВ-ның көп таралғандығы және жағдайларды эпидемиологиялық қадағалау.
  3. АИТВ жұқтырғандарды емдеу және диспансерлік зертханалық зерттеу, ЖИТС-тің ассоциацияланған аурулар және АИТВ-жұқтырғандарды диагностикалау.
  4. Халықаралық, мекемелік, медициналық және қоғамдық ұйымдармен АИТВ алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу.
  5. Конференциялар және семинарлар, тренингтер, лекциялар өткізу, АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша басқа да мамандарды және медициналық қызметкерлерді оқыту.
  6. Тұрғындардың негізгі осал топтары арасында оның ішінде АИТВ жұқтырғандар, тұрғындар арасында ЖИТС-ті ескерту және АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдармен өткізу.

Облыстық орталықтың бөлімдері:

Әдістемелік-ұйымдастыру бөлімі

Бөлімнің қызметі бағытталған:Аймақтарға АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы бағдарламаны іске асырудың сұрақтары бойынша қоғамдық ұйымдарға және медициналық мекемелерге, орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік-ұйымдастыру көмектерін көрсету.

АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімі

Бөлімнің қызметі бағытталған: Халықтың АИТВ–ға осал топтары үшін алдын алу бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг және бағалау;Мінез-құлқы қауіпті топтағы тұлғаларға және АИТВ жұқтырғандарға психоәлеуметтік кеңес өткізу, АИТВ-ға тұрғындарды тексеру, Жамбыл облысы аумағындағы АИТВ-ға эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету.

Емдеу алдын алу бөлімі

Бөлімнің қызметі бағытталған: ЖИТС-пен ауыратындарды, АИТВ жұқтырған әйелден туылған балаларды, АИТВ жұқтырғандарды емдеу, диспансерлік бақылау және есепке алу. Клиникалық көрсеткіш бойынша АИТВ-ға тексеру үшін контигенттерді іріктеу, емдеу, диагностика сұрақтары бойынша ұйымдарға медициналық көмек және тәжірибелік көмек көрсету.

ИФТ зертханасының жұмысы

Аудандардың АИТВ-ға шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау зертханалық кезеңі, вирустық жүктеме, иммунды ферментті талдау әдісімен АИТВ-ға тұрғындардың скрингдік зерттелуі. Вирустық гипотиттер «В», «С» және ЖИТС индикатор инфекциялары.

Ақпараттау және АИТВ індетін компьютерлік қадағалау бөлімі

ЖИТС-пен ауыратындар және АИТВ жұқтырғандарға ақпаратты біртұтас мәліметтер базасын құру, қазіргі технологиялық клинет-сервері және негізгі модемдік байланыс ЖИТС орталықтарымен областық (қалалық) және Республикалық ЖИТС орталығымен біртұтас компьютерлік желі арқылы қалыптасады.

Алдын алу бөлімі

Бөлімнің қызметі бағытталған: АИТВ/ЖИТС алдын алу сұрақтары бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарына, ұйымдарға, құрылымдық кәсіпкерлерге, жоғарғы оқу орындарына ақпаратты білім беру материалдарын шығару және тарату, мекеме қызметкерлерінің оқуы және АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға ескерту әдістері және таралу жолдары туралы тұрғындарға хабар беру.

Достық кабинеті

Бөлімнің қызметі бағытталған: Тұлғаларды мүшеқаппен қамтамасыздандыру және ақпараттық материалдармен, жылдам тестілеу және иммунды ферментті талдау әдісімен АИТВ-ға тестілеу, контрацепциялық әдіспен, АИТВ инфекциясы қаупінің төмендеуі, әдептілік жолдары, ЖЖБИ (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар), АИТВ инфекциясы туралы мәліметті пациенттерге беру, жасырын түрде және тұрғынның осал топтары арасында жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды тегін емдеу.

Сенім пункті

Инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында (ИЕТ) АИТВ-ның таралуын алдын алу бойынша сенім пункітінің жұмысы төмендегідей жүзеге асады: Инъекциялық есірткі тұтынушыларға залалсыздандырылған шприцтер, мүшеқаптар, дезинфекцияланған құралдар беру. Қолданылған шприцтерді жинау және тазарту, санитарлық-ағарту, «В», «С» вирустық гепатиті, ЖЖБИ, АИТВ-ға тексерілу үшін қан тапсыру. АИТВ-ға жылдам тестілеу, АИТВ—инфекциясы қауіпінің төмендеуі, әдептілік жолдары, (ЖЖБИ) жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, АИТВ инфекциясы туралы ИЕТ мәліметін беру. Психологтар және фтизиатрлар, терапевтер, дерматовенерологтар, наркологтармен кеңес, әдістемелік дәрігерлік көмек, мемлекеттік медициналық ұйымдарға мамандарды алу.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мекен-жайы: Тараз қ, Төле би даңғылы, 64Г ғимарат, тел: 45-65-32, 56-94-04