Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Студенттерге арналған АИТВ бойынша ақпараттық байқау өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова, “Almaz Medical Group” емханасының Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, “Almaz” жастар денсаулық орталығының жетекшісі Б. Токсанбаева және Жастар орталығының бірлесуімен Қазіргі заман гуманитарлық-техникалық колледжі студенттер үшін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық байқау ұйымдастырылды.
Мақсаты:
• АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс және ғылыми дәлелденген ақпарат беру,
• Жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру,
• Ақпараттық сауаттылықты арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды үйрету,
• Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Байқау студенттердің қызығушылығын арттырып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алуына мүмкіндік берді.