
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттеріне
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық дәріс ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және өзге де жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, ақпараттық сауаттылықты арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Дәріс барысында эпидемиолог дәрігер С. Дулатбаева және психолог маман Г. Шамурзаева студенттерге АИТВ-ның жұғу және алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, қоғамдағы стигма мен кемсітушілікті жоюдың өзектілігі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.