Жамбыл жоғары медициналық колледжінде студенттерге арналған танымдық іс-шара өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері С. Дулатбаеважәне мейірбике Г.Иманбаева жас ұрпаққа «Отбасын жоспарлау» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.
Кездесу барысында қатысушыларға арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Дәрісте болашақ медицина қызметкерлеріне ұрпақты болу денсаулығының мәні мен оның адамның өмір сапасына тигізетін ықпалы кеңінен айтылды.
Сонымен қатар, жастарға жыныстық қатынасты ерте бастаудың қауіпті жақтары, АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралу жолдары және олардың алдын алу жолдары жайында жан-жақты ақпарат берді.
Шара аясында мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу Халықаралық күні екенін атап өтті.