
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Абай атындағы гуманитарлық жоғары колледжінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен қыщдар арасында спорттық іс-шара өткізді.
Мақсаты: Жастар арасында АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, денсаулыққа жауапты көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру көзделді.
Іс-шара барысында ЖИТС орталығының психолог маманы қатысушыларға сәттілік тілеп, АИТВ-ның алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауының маңызы атап өтті.