Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Су ресурстары және гидротехникалық құрылыс факультеті студенттеріне АИТВ туралы ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева және психолог маманы Г. Шамурзаева Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттеріне «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ақпараттық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
– жастарға АИТВ/ЖЖБИ туралы ғылыми негізделген, дұрыс ақпарат жеткізу;
– жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
– ақпараттық сауаттылықты арттыру;
– денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды насихаттау;
– салауатты өмір салтын кеңінен ұсыну.
Дәріс барысында мамандар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлықтың рөлі, қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке қарсы іс-әрекеттер туралы жан-жақты түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, ниет білдірген студенттердің медициналық пунктте ИФТ әдісі арқылы өз еркімен қан тапсыра алатыны хабарланды.