Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте дәріс оқыды

Тараз қаласы білім бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ЖИТС ортаоығының психолог маманы Г.Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы маңызды ақпарат берді. Сондай-ақ салауатты өмір салтының маңыздылығы атап өтілді.
Шара соңында оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, АИТВ-ның алдын алу бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.