Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз-Ғасыр колледжінің студенттеріне АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізілді

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Тараз қаласындағы Тараз-Ғасыр колледжінің студенттеріне АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты — жастар арасында АИТВ инфекциясының таралуын алдын алу, дұрыс ақпарат беру және зиянды әдеттер мен қауіптерден сақтануға шақыру.

Дәріс барысында ЖИТС орталығының мамандары студенттерге АИТВ жұқпасының жолдары,сондай-ақ инфекцияның алдын алу тәсілдері туралы толық ақпарат берді. Мамандар жастарға қауіпсіз өмір салтын ұстану, сақтану құралдарын қолдану және АИТВ туралы дұрыс түсінік қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, дәрісте АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен олардың қоғамда толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау қажеттілігі туралы да сөз қозғалды.