Тараз қаласы ПБ 2-полиция бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру шарасы өтті
Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласы Полиция басқармасы 2-полиция бөлімінің қызметкерлеріне АИТВ (Адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық іс-шара ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру, қауіпсіздік шараларын сақтау жолдарын түсіндіру және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу болды. Іс-шара барысында мамандар АИТВ-ның таралу жолдары, қорғану әдістері және ерте анықтаудың маңызы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, 87 полиция қызметкерлерінің өз еркімен қатысуымен ИФТ (иммуноферменттік талдау) әдісі арқылы қан үлгілері алынды. Бұл тексеру АИТВ-ның ерте кезеңде анықталуына көмектесетін тиімді әдістердің бірі болып табылады.
Шара соңында қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу, оны емдеу, сондай-ақ вируспен өмір сүру сапасын арттыру туралы мәліметтер қамтылған ақпараттық бүктемелер мен жадынамалар таратылды. Мұндай шаралар қызметкерлердің медициналық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы АИТВ-ға байланысты жағымсыз көзқарасты азайтуға септігін тигізеді.