Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз қаласында «Almaz Medical Group» ЖШС-нің конференц-залында оқу семинар-тренингі ұйымдастырылды

Семинардың мақсаты – медициналық ұйымдарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, кәсіби әрі құпиялылықты сақтайтын ортаны қалыптастыру.

Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары – дәрігер-эпидемиолог Аушенова Қ.Б. және дәрігер-инфекционист Темирбекова Г.К. жүргізді.

Іс-шара барысында инфекцияның берілу жолдары, стигма мен кемсітушіліктің салдары нақты мысалдармен талқыланып, оларды төмендету жолдары айқындалды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.