Семинардың басты мақсаты — қатысушыларды ҚР АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі, АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік құқықтық база, инфекциялардың алдын алу шаралары мен тиісті контингенттерді АИТВ/ЖИТС-ке тексеру мәселелерімен таныстыру болды.
Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының сарапшы дәрігері Т.Тайчибеков, АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігері-эпидемиологы Қ.Аушенова және инфекционист дәрігері Г.Байдаулетова жүргізді. Шара барысында қатысушыларға Жамбыл облысы мен ҚР бойынша АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы туралы презентациялар мен ақпараттар ұсынылды.
Сонымен қатар, АИТВ/ЖИТС бойынша тиісті контингенттерді тексеру және инфекциялардың алдын алу бағытында жұмыс істейтін негізгі үкіметтік емес ұйымдар таныстырылды. Семинар жұмысына 49 медицина қызметкерлері белсене қатысты.