Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз сервис және технология колледжі студенттерімен интеллектуалды ойын өтті

«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен Тараз сервис және технология колледжі, №5 қалалық емхана және ЖИТС орталығы бірлесіп тағылымды іс-шара ұйымдастырды. Шараға ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері И. Досымова қатысып, кездесу мақсаты мен маңызын кеңінен түсіндірді.

Индира Мумархановна жастарға АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс әрі сенімді ақпарат берудің маңызын атап өтіп, олардың алдын алу жолдары және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде құнды мәліметтермен бөлісті.

Іс-шара барысында студенттер интеллектуалды ойындарға белсенді қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы дипломдар және естелік сыйлықтар табысталды.

Шара соңында қатысушыларға жедел тестілеуден өту мүмкіндігі ұсынылып, ақпараттық-білімдік материалдар таратылды.