12-16 мамыр аралығында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында Репродуктивті денсаулық апталығы аясында жастарға арналған тегін медициналық кеңес беру іс-шара өткізілді.
Аталмыш апталықтың басты мақсаты – жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) мен АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттандыру және ерте диагностика жүргізу болды.
Қабылдауларды жоғары білікті мамандар – дерматовенеролог Е. Стратула және гинеколог Р. Перзадаева жүргізді. Мамандар жастарға репродуктивті денсаулық, қауіпсіз жыныстық қатынас, контрацепция және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша маңызды ақпараттармен бөлісіп, жеке кеңес берді. Қатысушылар тегін қабылдауда болып, қажет болған жағдайда әрі қарай емделу бағыттары көрсетілді.