2023 жылдың 21 желтоқсанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында облыстық семинар өтті. Семинар тақырыптары:
Жүкті әйелдерді 2023 жылғы 11 айдағы есептің қорытындысы бойынша 109.1, 109.2 және 109.3 кодтары бойынша тексеру;
Жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексеру;
АИТВ-инфекциясын вертикалды жұқтыру жағдайын эпидемиологиялық тексеру қорытындылары туралы.
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері: О.Ж. Абдикеримова, И.И. Дегтерева, Д.Е. Абдраманова, К.Б. Аушенова сөз сөйледі.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мусабаев Ерик Тиллабекович төрағалық етті.