
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті» қызметкерлеріне
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық дәріс өткізді.
Шараның мақсаты – АИТВ-инфекциясының, ЖЖБИ және басқа да аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, халықтың хабардарлығын арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды үйрету және салауатты өмір салтын насихаттау.
Дәріс барысында эпидемиолог дәрігер С. Дулатбаева және психолог маман Г. Шамурзаева АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары мен қоғамдағы стигмамен күресудің маңызы туралы жан-жақты түсіндірме берді.
Сонымен қатар, орталықтың медбикелері ниет білдірген қатысушылардан ИФТ әдісі арқылы қан сынамасын алды.
Іс-шараға барлығы 75 қызметкер офлайн қатысты, сондай-ақ Zoom платформасы арқылы облыстың бірнеше өрт сөндіру бөлімдерінен қосылған 545 қызметкер онлайн форматта қатысты.