Ағымдағы жылдың қараша айында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында тренингтер ұйымдастырылуда.
15 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында облыстық ЖИТС орталығының мамандары М.Бегманова және Г.Салпыкова “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз” атты тақырыпта оқушыларға тренинг өткізді.
Іс-шара барысында мамандар АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды.
Жалпы іс-шараға 83 оқушы қатысты.