
Тараз қаласы білім бөлімінің Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ЖИТС ортаоығының психолог маманы Г.Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы маңызды ақпарат берді. Сондай-ақ салауатты өмір салтының маңыздылығы атап өтілді.
Шара соңында оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, АИТВ-ның алдын алу бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.