🔹Ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында орталық қызметкерлерінің қатысуымен жалпы жиналыс өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – орталық қызметінің ағымдағы нәтижелерін талқылап, алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындау.
🔹Жиынды орталықтың бас дәрігері Бағлан Қыдырбаев ашып, сөз барысында орталықтың 8 ай ішінде атқарған жұмыстарына қысқаша шолу жасады. Ол мекеме қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлармен таныстырды. Сонымен қатар, Бағлан Жарылқасынұлы орталықтың барлық құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері мен жауапты мамандарына нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың заң талаптары мен қызметтік тәртіпке сай орындалуының маңыздылығын ерекше атап өтті.
🔹Жиналыс барысында сөз алған орталықтың комплаенс-офицері М.Есдәулетова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң нормаларын түсіндіріп, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?», «Оның салдары мен заң алдындағы жауапкершілігі» секілді маңызды тақырыптарға тоқталып, адалдық пен заңға бағыну қағидаттарының барлық қызметкерлер үшін басты ұстаным болуы керектігін баса айтты.
🔹Келесі кезекте орталықтың экономисі Л.Исакова сөз алып, мекемеге бөлінген қаржының жұмсалуы мен кіріс-шығыс есебі бойынша толық ақпарат берді. Ол қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына баса назар аударып, бұл бағыттағы есептілік пен ашықтықтың сақталуы туралы баяндады.
✅Жиналыс соңында бас дәрігер орталық қызметкерлерін белсенділік танытуға, өз ұсыныстарын еркін айтуға шақырды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін атқарылуы тиіс негізгі міндеттер нақтыланып, әр жауапты маманға тиісті тапсырмалар жүктелді.