
Тараз қаласы білім бөлімінің Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында ЖИТС орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық дәріс ұйымдастырды.
Психолог Г. Салпыкова жасөспірімдерге аурудың жұғу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы түсіндірді. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында ЖИТС орталығының мейірбикесі Н. Абуғалиева оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратып, алдын алу шаралары жөнінде кеңес берді.