Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері семинар-тренингке қатысты

21-22 қыркүйек күндері Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері Досымова Индира, Кетпенбаев Сүлеймен, сарапшы дәрігер Тайчибеков Темірлан, дерматолог Стратулла Евгения және мейір аға Қуанышбеков Руслан Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы ұйымдастырған «Тұрғындар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу» атты үш күндік семинар-тренингке қатысты.

Семинар барысында мамандар АИТВ инфекциясының таралуын болдырмау үшін қажетті шаралар мен халық арасында ақпараттандыру және алдын алу әдістерін талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, АИТВ туралы білім деңгейін арттыру болды. Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.