Бүгін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында облыстық семинар өтті. Семинардың басты тақырыбы – «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту» және АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары болды. Іс-шараның мақсаты – медицина ұйымдарында бұл жұмысты жандандыру және АИТВ-ға тексеру шараларын жетілдіру.
Семинарды эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Дектерева Ирина, дәрігер-эпидемиолог Когай Виктор, емдеу бөлімінің инфекционист-дәрігері Байдаулетова Гүлнәр, дәрігер-эпидемиолог Ахметова Гүлшат, алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Калметова Гүлжан, орталықтың ИФТ зертханасының маманы Абиева Зара жүргізді. Жиын барысында қатысушылар арасында сұрақ-жауап сессиялары өткізіліп, сауалнамалар алынды.\