Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары №7 қалалық емханада жоспарлы семинар өткізді

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Г.Т. Ахметова, С.А. Кетпенбаев және Б.М. Жапанова №7 қалалық емханада жоспарлы семинар өткізді. Семинар барысында Жамбыл облысы мен Қазақстан Республикасы бойынша АИТВ-инфекциясы және ЖИТС-тің эпидемиологиялық ахуалы талқыланып, инфекцияның алдын алу шаралары бойынша презентациялар мен ақпараттар ұсынылды.
Іс-шараның мақсаты – медициналық қызметкерлердің білімін арттырып, инфекцияның таралуын болдырмауға ықпал ету болды.
Мамандар «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн» деген қағиданы еске салып, әр азаматтың өз денсаулығына мұқият қарауы керектігін баса айтты.